Қостанайлық Тұрсынай Қабыл Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV жазғы Паразиялық ойындардың күміс жүлдегері атанды.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тұрсынай Қабыл Қазақстан Республикасы құрамасы үшін 87 килограмм нәтижесімен 41 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингте күміс жүлдені жеңіп алды деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Осылайша, Республика күніне орай еліне тамаша тосынсый жасады.
Бұл біздің облысымыз үшін алғашқы тарихи медаль.