Полиция департаментінде Республика күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысқан салтанатты іс-шара өтті деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
–Содан бері өткен уақыт ішінде елде тұрақты экономикалық жүйе құрылып, әлеуметтік сала үнемі дамып келеді. Бұл процестерге ішкі істер органдары да үлкен үлес қосып, азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Осы уақыт ішінде полиция трансформация жолынан өтіп, қоғаммен тиімді диалог басты орынға қойылды. Елімізде де, біздің өңірде де қылмыс деңгейі үнемі төмендеп келеді, – деп атап өтті департамент басшысы Ерлан Файзуллин қызметкерлерді мерекемен құттықтауында.
Салтанатты іс-шара барысында ішкі істер органдарының ардагерлері, еңбек жолында жетістіктерге жеткен полиция қызметкерлері марапатталды.
ҚР ІІМ Министрінің Құрмет грамотасымен жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы Батырбек Мырзабеков, министрдің грамотасымен ЖҚАЖ қызметкері Арман Бримжанов марапатталды. “ІІО үздігі” медалі арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасы бөлімшесінің аға инспекторы Қуаныш Мукеновке табысталды.
Марат Мамаев және Дәулет Ахметов полиция полковнигі атағын алды.
Бүгін Қостанай полициясының жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшкенін айта кетейік.