1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан жаһанға егемен ел екенін жариялады. Осылайша, ұлттың ең үлкен арманы орындалды.
Тарихымызға тəу еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мерекеге Ұлттық мəртебе беріп, “Республика күнін мереке күнтізбесіне қайта енгізу – тарихи əділеттілікті орнату” деп атап өтті.
Осылайша, бұл мереке Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігінің, əрқайсымыздың өз Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің символына айналды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы – қарқынды дамып, өркендеп келе жатқан мемлекет! Біздің басты мақсатымыз – əр шаңырақтың бейбітшілік пен келісімін, əл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз ету.
Құрметті жерлестер!
Мемлекетіміздің бірлігі мен берекесі арта берсін. Əрбіріңізге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, еңбекте жетістіктерге жетуді тілеймін. Отанымызды өркендетуге бағытталған əр істеріңізге сəттілік тілеймін! Барлық бастамаларымыз нəтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!
Қ.АҚСАҚАЛОВ,
Қостанай облысының əкімі.