Федоровтағы 500 тұтынушының құқығы қорғалды

Федоровтағы 500 тұтынушының құқығы қорғалды

Федоров ауданының прокуратурасы монополияға қарсы органмен бірлесіп, Федоров ауданының жылу орталығына монополияға қарсы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша талдау жүргізді деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.Талдау барысында тарифтік смета шығындарының баптары бес пайыздан астам орындалмағандықтан табыстың негізсіз алынуына әкелген. Амортизациялық аударымдар құралдарын мақсатсыз пайдалану фактілері де анықталып отыр.

Былтырғы негізсіз алынған табыс көлемі 51 млн теңгені құрайды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган Федоров ауылының тұрғындары үшін жылу орталығы өндіретін жылумен жабдықтау тарифін төмендету жөнінде шаралар қабылданды. Осылайша, өтемдік тариф бекітіліп, 500 тұтынушының құқықтары қорғалды.

Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу мақсатында жылу орталығы 2023 жылғы 1 қарашадан бастап тариф 11 183,83 теңгеден 7 435,58 теңгеге дейін, яғни 33,5%-ға төмендетілетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу