Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөлге жасаған сапарында аудан орталығындағы Ауыл шаруашылығы колледжіне арнайы ат шалдырып, студенттермен кездесті. Техника тілін меңгеріп жатқан жастарды әңгімеге тартып, оларға ауылдық елді мекендерде өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуден жалтармауға кеңес берді. Ол оқу орнындағы қамқоршылық кеңес өкілдерімен де әңгіме жүргізді.
«Түлектер жұмыс берушілердің барлық талаптарына сай келуі керек. Жастар өндірісте көп уақытын өткізулері тиіс. Сол үшін колледждерде академиялық еркіндік жүйесін енгіздік. Дуалды білім беру мүмкіндіктерін де тиімді пайдаланған жөн. Бірақ, өкінішке қарай, колледждер мен өндірушілер мүддесі қиыса бермейді. Бұдан бизнес зардап шегеді. Кеңес мүшесінің 90 пайызы жұмыс берушілер болуы керек. Сіздерде жартысы ғана бизнес өкілдері. Осы тұрғыда бірлесе жұмыс істеңіздер», – деген ескертпесін айта өтті Қ.Ақсақалов.
Жандос ЖҮСІПБЕК
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Әулиекөл ауданы