ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық драма театрымен бірігіп, әскери қызметшілердің жауынгерлік қызметі туралы “Шекара” атты спектакль дайындады деп хабарлайды департаменттің өкілдері. Қойылым алғаш рет 5 қыркүйекте жарық көрді, қыркүйек айында Қостанай қаласында, ал қазан-қараша айларында Қостанай облысының барлық аудандарында қою жоспарланып отыр.
Жобаны Шекара қызметі алғаш рет ұйымдастырғанын айта кетейік. Ол әскери қызметтің имиджі мен беделін арттырып қана қоймай, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуде. Шекара сақшыларының шынайы өміріндегі жауынгерлік қызметінен сыр шертетін туынды көрермендер мен оқырмандардың көңілінен шығып, адамдар арасында оң көзқарас қалыптастырып үлгерді.
Пьесаның авторларының бірі – ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицері майор Манарбек Қарекенов.