09.10.2025
Қала күніне жекпе-жек сайыстары ұйымдастырылды

Қала күніне жекпе-жек сайыстары ұйымдастырылды

Қазақстанның Жауынгер қауымдастығының облыстық филиалының құрамына кіретін жекпе-жек федерациялары арасында жыл сайын фестиваль өткізіп тұру дәстүрге айналған. Биылғы іс-шара қала күніне орайластырылды.

Кәсіпқой сайыстар «FULL CONTACT KARATE» бірыңғай ережелері бойынша өтті. Мәселен, жекпе-жек кезінде жығылған адамға тіземен немесе бастан соққы жасауға қатаң тыйым салынады.

blank

Осы тәртіпті ұстанған 16 Федерацияның 16 үздігі шаршы алаңда бақ сынады. Бірінші айналымнан өткен атлетке 25 мың теңге, екінші айналымға шықса елу мың теңге, финалға жолдама алғандарға 100 мың теңгенің сертификаты табысталып отырды.

blankblankblankblankblankblank

blank

Жеңімпазға – 200 000 теңге мен Қазақстан жауынгер өнері қауымдастығының чемпиондық белбеуі тапсырылды.

blank

blank

Панкратион федерациясының өкілі Игорь Яблонский жартылай финалда Самұрат Тайшыбаевты айқын басымдықпен ұтты. Бұған дейін де қарсыластарын кездесу уақытынан бұрын жарыс жолынан шығарып тастады. Осы федерацияның екінші өкілі Әділет Ғұбайдоллин спорттық және жекпе-жек самбо федерациясынан келген Әлішер Сәрсеновтен айласын асырып, командаласымен финалда жолықты. Не бары бір раундтқа созылған кездесу Әділеттің пайдасына шешілді. Үшінші орын үшін кездесуде Әлішер Самұратты төрешілердің шешімен жеңді.

Фестивальді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жекпе-жек спорты клубы мен облыстық жекпе-жек өнері қауымдастығы бірлесіп өткізгенін айта кетейік.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев