Қостанайда қатерлі ісікке алғаш ота жасалды

Қостанайда қатерлі ісікке алғаш ота жасалды

Облыстық ауруханада алғаш рет қатерлі ісіктің бастапқы кезеңін тоқтатуға арналған үш науқастың бауыр артериясына химиоэмболизация жүргізілді.

Бұл хирургиялық араласу – қатерлі ісіктің жайылуын тоқтата тұруға мүмкіндік береді. Қатерлі ісікті кешенді емдеу интервенциялық рентгенолог, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың онкологы Нияз Малаевтың арқасында жүзеге асып жатыр. Ол облыстық аурухана мен қалалық көпсалалы онкологиялық аурухана дәрігерлеріне бар білгенін көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.

– Әдістеменің берері мол. Біз артериялық қан ағымын блоктаймыз, арнайы препаратты енгізе отырып, ісікті біртіндеп азайтамыз. Сондықтан біз процедураны бірнеше рет жасаймыз, – деп түсіндірді интервенциялық рентгенолог, онколог Нияз Малаев, – Осының арқасында ісік, 12 см-ден 4 см-ге дейін төмендеуі мүмкін. Осыдан кейін біз оны хирургиялық жолмен алып тастаймыз немесе радиожиілікті абляция жасаймыз.

Алдағы уақытта мұндай әдістерді біздің дәрігерлер де жасайтын болады.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу