Ғалымдарымызды неге әлем танымауы керек? Министр БАҚ-қа үндеу жасады

Ғалымдарымызды неге әлем танымауы керек? Министр БАҚ-қа үндеу жасады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғалымдардың жетістіктерін қоғамға кеңінен танытудың маңыздылығына тоқталды.

Министр ғылыми жаңалықтар мен зерттеу нәтижелерін ақпараттық кеңістікте белсенді насихаттау қажеттігін атап өтіп, БАҚ өкілдерін осы бағыттағы жұмысты күшейтуге шақырды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне айтар маңызды өтінішіміз бар. Біз ұсынатын ғылым, инновация және білім салаларындағы жаңалықтар мен жетістіктерді қоғамға кеңінен танытуға ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Мәселен, Қытай тәжірибесіне назар аударсақ, елдің ірі қалаларындағы билбордтарда, қоғамдық орындарда, теміржол станциялары мен халық көп шоғырланатын жерлерде ғалымдардың жетістіктері кеңінен насихатталады. Онда тек бизнес өкілдері ғана емес, ғылымға елеулі үлес қосқан тұлғалар да қоғамға үлгі ретінде көрсетіледі. Біз де отандық ғалымдардың еңбегін бағалап, олардың ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерін кеңінен дәріптеуіміз қажет», — деді министр.