Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медаль үшін белдеседі.
Ширек финалда әзербайжандық Ушанғи Кокауриден жеңілген спортшымыз жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті жеңіп, жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.
Қола медаль үшін Ерасыл Қажыбаев грузиялық Саба Инанейшвилимен кездеседі.
