Қалада телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, ұялы байланыс сапасын арттыру және тұрғындарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған.
Бұл туралы облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы хабардар етті.
Қала әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, бұл бастамалар биылғы Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады.

– Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ ғимаратында ішкі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Оған 34,8 млн теңге жұмсалды. Қазіргі таңда ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатқа 101,4 млн теңге қарастырылған, – дейді әкім.

Сонымен қатар «Қазпочта» АҚ ғимаратының сыртқы қасбетін жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оған 5 млн теңге бөлінді.

Осылайша, аталған үш жобаға жалпы 141,2 млн теңге бағытталған.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
