102-ге 4 миллионнан астам өтініш түскен: полиция бірде-бір хабарламаны назардан тыс қалдырмайды

102-ге 4 миллионнан астам өтініш түскен: полиция бірде-бір хабарламаны назардан тыс қалдырмайды

Биыл елімізде полицияның 102 жедел байланыс нөміріне азаматтардан 4 миллион 117 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

102 – тұрғындардың ішкі істер органдарымен байланыс орнатуда ең жиі пайдаланатын жедел арналарының бірі. Еліміз бойынша күн сайын орта есеппен 12-15 мыңға жуық хабарлама қабылданып, өңделеді.

Полиция мәліметінше, 102 нөміріне келіп түскен әрбір қоңырау ақпараттық жүйеде автоматты түрде тіркеледі. Одан кейін хабарламалар бойынша полицияның кешенді күштері тиісті шаралар қабылдайды.

Азаматтардан келіп түскен бірде-бір хабарлама назардан тыс қалмайды. Жедел желі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуге бағытталған.