Арқалықта аймақтық ақындар айтысы өтті

Арқалықта аймақтық ақындар айтысы өтті

Ұлт батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығы және халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің 120 жылдығына орай «Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа аманат» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Жыр додасында облысымыздың аудан-қалаларынан және Астана қаласынан барлығы 14 ақын додаға түсті. Жыр жүйріктері ұшқыр ой, ұтымды әзілдерін келісті ұйқастарымен жеткізе біліп, төрт жарым сағатқа созылған айтыста өнер сүйер қауым жыр сусынына қанып қайтты.
Айтыс нәтижесінде бас жүлдені Батырлан Сағынтаев (Арқалық қаласы) жеңіп алса, 1 -орынды Тоба Өтепбаев иеленді (Астана қаласы). Айбар Рағатов (Арқалық қаласы) пен Зылиха Кенжеғозина (Жангелдин ауданы) 2-орынды, Ғалымгерей Кенжеғозин (Рудный қаласы), Байбатыр Ахметбеков (Жангелдин ауданы) және Нұртілеу Төленбектер (Астана қаласы) 3-орынды өзара бөлісті.
Қалған ақындар Аманкелді Иманов, Нұрхан Ахметбеков, Ғафу Қайырбеков, Спандияр Көбеев, Қонысбай Әбіл, Хамитбек Мұсабаев және Бүркіт Бекетов атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлдеге 300 000 теңге, 1-орынға 250 000 теңге, 2-орынға 150 000 теңгеден, 3-орын алған ақындарға 100 000 теңгеден және арнайы сыйлық иелеріне 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жаңалықтармен бөлісу