Елордада сайлау стратегиялары талқыланып жатқанда, өңірлерде ветеринариялық станциялар, аяқкиім фабрикалары мен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау сияқты күнделікті мәселелерге толы өмір жалғасуда. Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қай өңірлерге барып, тұрғындармен қандай тақырыптарды талқылағанына шолу жасаймыз.
Елімізде МӘМС қаражатын қорғаудың жүйесі құрылып жатыр
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын қорғау жүйесін дәйекті түрде күшейтіп, цифрлық қадағалауға, тәуекелге бағдарланған басқаруға және медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдердің алдын алуға негізделген қаржылық бақылаудың жаңа моделіне көшуде.
Еріктілік – елге құрмет
Денисов ауданында жыл сайынғы ерікілер слеті өтті. Ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден жиналған алпысқа жуық жас екі күн бойы тәжірибе алмасты.
Үйден дауыс беруге кімдер өтініш бере алады?
Денсаулық жағдайына байланысты, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебімен немесе сайлау учаскесі құрылмаған шалғай және қатынасу қиын жерде жүрген азаматтар дауыс беруге үйден қатыса алады.
Меңдіқара ауданында Абай күніне арналған концерт өтеді
Меңдіқара ауданында Абай күніне орай «Le Songe d’Abai» атты мерекелік концерт ұйымдастырылғалы отыр. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.
Қазақстан су добасынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді
Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді.
Басқа жерде дауыс беретіндер есептен шығару куәлігін ала алады
Егер сайлаушы өзінің тіркелген жеріндегі учаскеге келе алмайтынын алдын ала білсе, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады.
Қазақстанда ПСЖ клубының академиясы ашылды
Бұл туралы париждік клуб өзінің ресми сайтында хабарлады.
Жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын сақтау ескертілді
Жазғы маусымда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы, әсіресе, демалыс аймақтары мен өңіраралық бағыттардағы көлік қозғалысының қарқындылығының артуына байланысты жүргізушілерге аса мұқият болу ұсынылды.
Сайлау учаскесін 1315 нөмірі арқылы білуге болады
7 тамыздан бастап Қостанай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше жолмен тексере алады.
