Үйден дауыс беруге кімдер өтініш бере алады?

Үйден дауыс беруге кімдер өтініш бере алады?

Денсаулық жағдайына байланысты, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебімен немесе сайлау учаскесі құрылмаған шалғай және қатынасу қиын жерде жүрген азаматтар дауыс беруге үйден қатыса алады.

Мұндай жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші негізінде оның тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс. Өтініш дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат **12:00-ден кешіктірілмей** берілуі қажет.

Электоралдық науқанға қатысты өзге де ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылған.