Қазақстан су добасынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

Қазақстан су добасынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңді

Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші ойынын өткізді.
Қазақстандық спортшылар бұл кездесуде Сингапур құрамасымен күш сынасты. Тартысты өткен матчта жерлестеріміз жеңіске жетті.

Негізгі уақыт тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандық ойыншылар дәлдік танытып, қарсыластарынан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Мысырға 9:14 есебімен есе жіберген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругваймен кездеседі.

Сурет: World Aquatics.