ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің ағымдағы қажеттілігіне сәйкес «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді.
Жанасыл Бақытбек – «Ерке сылқым»
12 жасар балдырғанның қабілетіне баға беріп көріңізші. Болашағынан зор үміт күттіретін дарын десек, қателесе қоймайтын шығармыз. «Домбыра-думан» байқауына арнап, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» орындапты. Жас талап Жанасыл Асыланұлы Қостанай қаласындағы №9 орта мектептің 6-сыныбында оқиды. Қадамына сәттілік! https://youtu.be/LVNA2EUG-Lc
Құмар Ақсақалов: «Экономиканы әртараптандыру – дамудың басты тетігі»
Елдің тұрақты дамуы экономиканың нақты секторы динамикасының оң өсімімен тығыз байланысты. Бұл бағытта өңірдегі индустриялық-өнеркәсіптік секторын дамыту және әртараптандыруда тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыс аумағында 925 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 42 мыңға жуық адам еңбек етеді.
«Tomiris» жобасы: 2024 жылға өтінімдерді қабылдау басталды
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша «Tomiris» жобасына қатысу үшін өтінімдердің қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. Бұл жобаның мақсаты – әйелдердің саяси және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуын кеңейту.
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды
Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданды. Жалпы, Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді.
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етпек.