Қарғалы ауылының тұрғындары да тасқын судың зардабын тартып отыр.
Қостанай облысында 180 мектеп жаңа технологиямен жабдықталады
Арқалық қаласында жұмыс сапарымен жүрген облыс әкімі Құмар Ақсақалов Восточный жалпы білім беретін мектебінде болды.
Дәмді өзені арқылы өтетін жол жөнделе бастады
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы” АҚ Қостанай облыстық филиалы, “Танар” ЖК, Дәмді ауылының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, Науырзым ДЭУ және Науырзым ауданы әкімдігінің күш біріктіруімен Дәмді өзені арқылы өтетін айналма жол құрылысы басталды.
Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі
Балалар құқықтары “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы” 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 заң шеңберінде қатаң сақталуы тиіс.
Қостанай ауданында бағалау комиссиясы жұмысқа қызу кірісті
Тасқынның өзі кетсе де артына көріксіз ізін, өкініш сызын қалдырды. Табиғи апаттың салдары «ұйық-батпағын» әлі біраз кештіретін тәрізді. Сондықтан қазір арқаны кеңге салар уақыт емес. Оңалдыру, қалыпқа келтіру, тұрмысты түзеу, шығынды түгендеу шаралары да асқан жауапкершілікті талап етеді. Қазір жер-жерде арнайы комиссия дамыл көрмей жұмыс істеп жатыр.
Қостанай ауданындағы эвакуациялық пунктте жетпістен астам адам жатыр
Бұл ауданда Тобыл жағалауындағы Мичурин, Алтырсары ауылдары көбірек зардап шекті. Саяжай қоғамдары су астында қалды. Шығын шаш-етектен. Бірақ, бастысы, адамдар және үй жануарлары аман. Мұның бәрі – алдын ала эвакуациялау жұмыстарының тыңғылықты жүргізілгенінің арқасы.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласында тасқыннан зардап шеккен отбасылардың жаңа баспаналарына барды
Облыс басшысы қалаға қарасты Екідің мен Қызылжұлдыз ауылдары тұрғындарының қуанышын бөлісті.
Тәуіш ауылындағы шеткі үйлер тұруға жарамсыз
Жанкелдин ауданында тасқын судан қатты зардап шеккен ауылдардың бірі – Тәуіш. Ауыл үстінен өтетін Арқалық-Торғай тас жолын су бұзып кеткендіктен бір-біріне қоңсы қонған Тәуіш пен Жаркөлдің арасына қатынау мұңға айналған.
Қостанайда 169 тұрғын үй мен 1250 саяжайды су басқан
Қазіргі уақытта әлеуметтік төлем көрсетуге 1337 өтініш келіп түссе, 58,3 млнтеңге сомасына 158 өтініш берушіге төлемдер жүргізілген.
Полицейлер 4 келіден астам “гашиш” жасырған күдіктіні қолға түсірді
Ол есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтеріндегі өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтап келген.