Ол есірткінің бір бөлігін туыстарының бірінің пәтеріндегі өрт сөндіргіште, қалған бөлігін үйінде сақтап келген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 46 жастағы рудныйлықты ұстады.
Ведомство бұған дейін ол осындай қылмыстар үшін үш рет сотталғанын атап өтті.
“Қылмыс санкциясы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қазір мүлкі тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторында тұр”, – деді басқарма бастығы Нұржан Ахметов.
Жыл басынан бері облыс полициясы заңсыз айналымнан 32 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның 1,5 келісі синтетика болған.