Көктемгі су тасқыны Аралбай бөгетіне 28 наурыз күні келіп тірелді. Бұрын апталап жүретін жерге бір тәулікке жетпейтін уақытта Қуат, Шуақбай бағытына өтіп, бөгеттің бағыттағыш қанатын бұзып кетті. Ауылдың оңтүстік шығысы мен оңтүстік батысынан су кері құйып, шеткі үйлерді су басу қауіпін төндірді.
Қаратомардан келген ағын су екпіні күшейе түссе, Тобыл кемерінен асуы мүмкін
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, Қаратомар су торабынан секундына 1000 текше метрмен Қостанай қаласына қарай Сергеев және одан әрі Аманкелді су қоймасы тізбегімен транзиттік су ағызу жүзеге асырылды.
Қарасу ауданында төтенше жағдай жарияланды
Қарасу ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 2 шешімімен, аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Тобыл қаласындағы шеткі көшелерде алдын ала эвакуациялау амалдары жүріп жатыр
Қостанай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар бір сәтке кідіріс табар емес. Әсіресе, Тобыл қаласындағы алдын алу шараларына жергілікті атқарушы органдар қызу кіріскен. Өйткені бұл қаланы облыс орталығымен бөліп жатқан Тобыл өзенінің деңгейі біртіндеп көтеріліп келе жатыр.
Облыстық маңызы бар жолды екі жерден су басты
Бүгін, 5 сәуірде сағат 09:00 шамасында «Қарабұтақ-Комсомольский-Денисов-Рудный-Қостанай» тас жолының 253-ші және 254-ші шақырымында Тобыл өзенінің тасуы және РФ жағынан үлкен көлемде судың келуі салдарынан жол бөлігін екі жақтан су алды.
Жағдай жіті бақылауда тұр (ВИДЕО)
Кешелі бері Тобыл өзенің деңгейі біршама көтерілді. Ресей жақтан келіп жатқан су жағдайды одан әрі ушықтыра түскен. Дегенмен, төтеден киліккен «тілсіз жауға» төтеп беруге тиісті мекеме мамандары тас-түйін әзір.
Қауіп аймағындағы көшелерге мемлекеттік қызметшілер де қолғабыс жасауға барды
Тобыл жағалауында орналасқан тұрғын үйлерді су басу қаупінен қорғау шараларына мемлекеттік қызметшілер де қол көмегін көрсетті.
Қауіптің бұлты сейілген жоқ
Соңғы екі-үш күндікте Ресей су қоймаларынан жіберілген су теріскейдегі өңірлерді мазасыздандырып отыр.
Бірнеше ауданда алдын ала эвакуациялау шаралары қыза түсті
Қостанай облысында алдын ала эвакуациялау жұмыстары жедел жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігі ақпарат таратты.
Жанкелдин ауданында бизнеске келтірілген залалды бағалау процесі басталды
Жедел штабтың құрамына кіретін Жанкелдин ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Айдар Жамансарин бизнес залалды бағалау рәсімін ресімдеу үшін палатаның филиалына жүгініп жатқанын айтты.