Ел мұңын еңсеріскен азаматтарға алғысымыз зор (ВИДЕО) 

Ел мұңын еңсеріскен азаматтарға алғысымыз зор (ВИДЕО) 

Көктемгі су тасқыны Аралбай бөгетіне 28 наурыз күні келіп тірелді. Бұрын апталап жүретін жерге бір тәулікке жетпейтін уақытта Қуат, Шуақбай бағытына өтіп, бөгеттің бағыттағыш қанатын бұзып кетті. Ауылдың оңтүстік шығысы мен оңтүстік батысынан су кері құйып, шеткі үйлерді су басу қауіпін төндірді.

Ауыл тұрғындарынан құралған ерікті жасақ қаптап құм салып, оның алдын тоқтатты, соның арқасында қауіп сейілді.

30 наурыз күні ауылдың солтүстік батысындағы Ащы қабырға өзені арнасынан асты. Ені бір шақырымның үстінде жайылып, елді мекеннің көтерме жолын басты.

Жол мен екі ортадағы Қарағаштың табанын толтырды. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауылдан ауыл тұрғындарын аудан орталығына эвуакуациялау жұмысы жүргізілді.

Тұрғындарды эвуакуациялау жұмыстарына ҚР Төтенше жағдай министрлігінің 52859 әскери бөлімінің жеке құрамы мен облыстың құтқарушылар жасағы көмекке келді.

Осы атқарылған жұмыстар тікелей аудан әкімі Шота Сәбитпекұлы Оспановтың бақылауымен және Аралбай ауылының әкімі Адилжан Сламжанұлы Нысамбаевтың ұйымдастыруымен атқарылды.

Ауылға қауіп төнген уақытта тұрғындардан, көмекке келген тыс жерде қызмет атқарып жерлестерден құрылған жасақ пен қорғаныс министрлігінің сарбаздары үш тәулік бойы күндіз-түні ауылға тасқын суды жібермеу жұмыстарын жүргізді. Судың бағытын бұруға бөгеттер салынды. Олар уақытпен санаспай, ерік-жігерлерін аямай суға тосқауыл қою бағытында жан қиярлықпен еңбек етті.

Төтенше жағдай уақытында жұмыстарды атқаруға сыртағы Аралбай ауылы жастарының бастамасымен жеке тасқын су қоры құрылып, оған заттай қажетті құрал-саймандарға қаражат жиналды.

Осы атқарылған жұмыстардың арқасында ауыл тасқын су басу қауіпінен құтылды.

Төтенше жағдай кезінде ауыл тұрғындарын эвуакациялау және азық-түлікпен қамтамассыз ету, қауіпті аймақтардан тікұшақпен адамдарды құтқару жұмыстарына көмек көрсеткен облыс әкімінің орынбасары Арман Тарғынұлы Әбеновке, Төтенше жағдай министрлігің қызметкерлеріне және аудан әкімі Шота Сәбитпекұлы Оспановқа Аралбай ауылының ақсақалдары атынан алғысымызды білдіреміз.

 

Ауыл ақсақалдары атынан

Қ. Молдабеков.

Жаңалықтармен бөлісу