Кітапхана ісінде қала және ауыл кітапханаларында үздік еңбегімен көрініп жүрген кітапханашыларға «Құрмет грамоталары» салтанатты түрде табыс етілді.
Арқалықта көпбалалы анаға халық үй сатып алып берді
Төрт баланың анасы Гүлнар Табынбаева қалалық мешіттің қызметшісі болып ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Бұған дейін баспанасы болмай, бір бөлмелі пәтерде лаждап жүрген анаға биыл мешіт жамағаттарының ұйғарымымен баспана сатып алуға қаражат жинастырыла бастаған.
Республика күні Сарыкөлде дүниеге келген балаға сыйлық табысталды
Ұлттық мерекеміз – Республика күні Сарыкөл аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде сәби дүниеге келді.
Әлемдік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бес миллион теңгеден сыйақы берілді
Жыл басынан бері 23 қазақстандық оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында Қостанайдағы Білім инновация лицейінің 11-сынып оқушысы Жан Даутов та бар.
Пара Азия ойындарында жүлде алған жерлесіміз Қостанайға оралды
ҚХР Хуанчжоу қаласында өтіп жатқан IV Жазғы Пара Азия ойындарында пара дзюдодан қола жүлде иеленген қостанайлық спортшы Динара Куджулова қола жүлде иеленді. Бүгін жүлдегерді жерлестері әуежай басынан ыстық ықыласпен күтіп алды.
Қостанайда республикалық көшпелі семинар болып өтті
Бүгін Қостанайда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық қеңесінің төрағасы, ҚР Мәжілісінің депутаты Бақтығожа Ізмұхамбедовтің төрағалығымен республикалық көшпелі семинар-кеңесі өтті.
Жітіқарада алғаш рет фотосуретшілер көрмесі ұйымдастырылды
Көрмеде көшпелі мәдениетінің жан-жақтылығын, оның табиғатпен тығыз байланысы көрсетілген. Республика мерекесіне орай ұйымдастырылған көрменің ашылуына қала тұрғындары мен 6697 әскери бөлімі 2-ші атқыш ротасының әскери борышын өтеуші сарбаздары шақырылды.
Торғайдағы оқырманға ұтыс ойынының сыйлығы табысталды
Бүгін «Қостанай таңы» газетінің Жангелдин ауданындағы тілшісі Байбатыр Ниязбекұлы таяуда ұйымдастырылған газеттің оқырмандарына арналған онлайн ұтыс ойынының жеңімпазы Лида Ерішоваға арнайы өтек сыйлығын табыс етті.
Қостанайлық полицей Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының күміс жүлдегері
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтті. Спорттық іс-шараға 100-ден астам елдің өкілдері қатысты. Жауынгерлік самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ПД қызметкері Асқар Абдулла қатысып күміс медельді жеңіп алды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Қолшатыр лисаковтық оқырманға табыс етілді
Бүгін редакциямызға «Қостанай таңы» оқырмандарының онлаин ұтыс ойынының иегері Светлана Настенко Лисаковтан арнайы келді. Ұтыс иегеріне «Қостанай таңы» газетінің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы демеушіміз «Еуразия банкі» ұсынған қолшатырды табыс етті.