Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өтті. Спорттық іс-шараға 100-ден астам елдің өкілдері қатысты. Жауынгерлік самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ПД қызметкері Асқар Абдулла қатысып күміс медельді жеңіп алды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
– Турнирлік бәсеке жоғары деңгейде өткендіктен дайындық тыңғылықты болды. Мен өз елімнің атынан шыққандықтан үлкен жауапкершілікті сезіндім. Жарыста жақсы өнер көрсеткеніме қуаныштымын», – дейді полиция қызметкері.
Асқар Абдулла 98 келі салмақта екінші орын алып, ел қоржынына күміс медаль салғанын айта кетейік.