Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі Жоғарғы оқу орындарында сабақ беретін қазақ ғалымдарын, мемлекеттік орындардағы көрнекті қызметкерлерді, Мәскеудегі қазақ қоғамдарының басшыларын Елшілік ғимаратында қабылдады.
Қостанайлықтар чемпионаттың соңғы турын жеңіспен аяқтады
Футболдан Қазақстан чемпионатының 26-туры Костенко шахтасындағы оқиғаға байланысты жанкүйерсіз өтті.
Ұлттық ұланның әскери бөлімі жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісін тапсыруды аяқтады
Бірнеше күн ішінде 6697 әскери бөлімінің офицерлері мен әскери қызметшілері мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене шынықтыру, атыс даярлығы бойынша сынақтардан өтті, радиациялық химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтерді орындады, сондай-ақ жеке құрамда жалпы әскери жарғы бойынша білімдері тексерілді.
Көктайғақ, жел, жаңбыр: 30 қазанда ауа райы қандай болмақ?
Синоптиктер 30 қазанда ауа райы қандай болатынын хабарлайды.
Тұрсынай Қабыл Пара Азия ойындарынан Отанға олжамен оралды
Пауэрлифтингтен ІV Жазғы Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Тұрсынай Қабыл Қостанайға оралды.
Аварияны жою жөніндегі жедел штабы жалғыз кеншіні іздестіріп жатыр
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.
Төрт кенші шұғыл іздестірілуде
Костенко шахтасынан 42 адамның денесі табылды, 4 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметінен.
Машина жасаушылар қаза тапқан кеншілердің отбастарына 200 млн теңге көмек жіберетін болды
Бұл туралы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанова ресми парақшасында хабарлап, Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты.
Тоқтар Әубәкіров: «Қайғыңа ортақпын, Қарағанды»
Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров «АрселорМитталТеміртау» компаниясына қарасты Костенко шахтасында орын алған алапат апатқа байланысты қарағандылықтарға көңіл айтты деп хабарлайды Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің ресми сайтынан.
Шахтада іздестіру жалғасуда: Сегіз адам табылмай жатыр
Костенко атындағы шахтада 38 қаза тапқан адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасуда деп хабарлайды ҚазАқпарат.