Футболдан Қазақстан чемпионатының 26-туры Костенко шахтасындағы оқиғаға байланысты жанкүйерсіз өтті. Кездесу алдында қаза тапқан кеншілерді еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланды.
Осы турдың аясында Қостанайдың «Тобылы» павлодарлық «Ақсу» командасына қонаққа барып, 3:0 есебімен басым түсті.
Павел Забелин, Игорь Иванович, Сердж Деблелер голдың авторы атанды.
Суреттер «Тобыл» футбол клубының ресми парақшасынан алынды