Сонымен қатар облыс әкімі Лисаков қаласындағы ыстық су қазандығы жұмысымен танысты. Нысан құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған. Жобаны келер жылдың наурыз айына аяқтау көзделген.
Лисаковта ауыз су сапасы артып келеді
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Лисаков қаласына жасаған іссапары «Лисаковскгоркоммунэнерго» ГКП-ге баруымен басталды. Онда қала әкімі Абай Ибраев аталмыш су тазарту нысанның тиімділігі туралы баяндады.
Торғайдың жезтаңдайы өнердегі жан сырымен бөлісті
КСРО мәдениет ісінің үздігі, республикалық халық театрлары байқауының лауреаты, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы Ырысты Ерденқызының өңір өнеріне қосқан үлесі қомақты. Ұзақ жыл Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған халық театры мен “Ғасырлар пернесі” фольклорлық-этнографиялық ансамблінде жұмыс істеген өнер шебері, әнші редакциямызға келіп, көкейінде жүрген сырын ақтарды.
Рудныйлықтар апаттың алдын алды
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері ERG құрамындағы “Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі” АҚ филиалына қарасты “Электр станция” (ЖЭО) нысанына баспасөз турын өткізді. Қатысушылар алдағы жылыту маусымында қаланы жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты.
Жерлесіміз – әлем чемпионы
Қырғызстан Республикасы Джалал-Абад облысы Арсланбоп қаласында белбеу күресінен Қырғызстан Республикасының Президентінің кубогінен байрақты бәсеке өткен болатын. Халықаралық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Түркіменстан мемлекеттерінің балуандары бақ сынап, боз кілемде белдескен. Қазақстанның намысын қорғаған Әділет Жаңбыршы +80 кг салмақ дәрежесінде 15 балуанды тізе бүктіріп, 25 жасында әлем чемпионы атанды.
Милич Чурчич: “Бұл – біздің алаң”
Қостанайдың “Тобылы” футболдан Конференция Лигасының плей-офф кезеңін Чехияның “Виктория” Пльзень командасымен өткізеді. Ертеңгі Қостанайдағы ойынның алдында команда бас бапкері журналистердің сауалдарына жауап берді.
Төрт балалы жалғызбасты әкеге қолдау көрсетілді
Биыл “Мектепке жол” жалпы республикалық қайырымдылық акциясы “Жақсылық жаса” ұранымен өтуде.
«Халық тану» халық арасынан үздіктерді анықтайды
«Халық тану» халықаралық қоғамдық комитеті (бұдан әрі – «Халық тану» ХҚК) Қазақстан экономикасын дамытуға белсенді қатысатын немесе қатысуды жоспарлап отырған, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да елдердің барлық салалық бағыттарындағы мамандар мен заңды тұлғаларды анықтау және ел халқының тануы мақсатында «Үздік» атағын береді.
«Аманат» – байқау жеңімпазы
Арқалық қаласынан келген «Аманат» командасы «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауының жеңімпазы атанды.
Торғайдағы жер мәселесіне жуырда нүкте қойылады
Жанкелдин аудандық кезекті үшінші сессиясында аудан әкімі Шота Оспанов депутаттар алдында есеп берді. Күн тәртібінде осы жылдың жартыжылдығындағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары мен алдағы мақсаттары талқыланды.