Торғайдың жезтаңдайы өнердегі жан сырымен бөлісті

Торғайдың жезтаңдайы өнердегі жан сырымен бөлісті

КСРО мәдениет ісінің үздігі, республикалық халық театрлары байқауының лауреаты, Жанкелдин ауданының Құрметті азаматы Ырысты Ерденқызының өңір өнеріне қосқан үлесі қомақты. Ұзақ жыл Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған халық театры мен “Ғасырлар пернесі” фольклорлық-этнографиялық ансамблінде жұмыс істеген өнер шебері, әнші  редакциямызға келіп, көкейінде жүрген сырын ақтарды.

–Жанкелдин ауданындағы  халық театрының тарихы тереңде жатыр. Ең алғаш рет 1936 жылы Нұрхан ақынның бастамасымен Торғай-Аманкелді аудандары арасында колхоз-совхоз театры құрылыпты. Сол театрда ең алғаш рет Ахметхан Әбіқаев, Нұрхан ақынның өзі, Қазыбек Әбенов, Қ.Деріпсалдиннің анасы – Мағия өнер көрсетті. Кейін ер азаматтар  әскер қатарына алынып, театр жұмысы тоқтап қалды, – деп бастайды әңгімесін Ырысты Ерденқызы.

Ырысты Ерденқызы мен тілшіміздің өнер төңірегіндегі сырлы сұхбатын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу