Биыл “Мектепке жол” жалпы республикалық қайырымдылық акциясы “Жақсылық жаса” ұранымен өтуде.
Акцияға облыстық Жол активтері сапасының ұлттық орталығы белсенді қатысып жатыр. Аталған ұйым жақында төрт баланы тәрбиелеп, тіреу болып отырған Леонидке қолдау білдірді. Ұжым атынан елу мың теңге сомасында қаржы табысталды.
Өткен жылдардағы табысты тәжірибені басшылыққа ала отырып, әртүрлі жағдайларға байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.