Облыс әкімдігінің ұсынысына сәйкес биыл “Қазақтелеком” АҚ Қостанай қаласында 5-ші буын (5G) ұялы байланысының бірінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.
“Техникалық байқау” құжаты цифрлы форматқа ауыстырылады
Енді еліміздің көлік жүргізушілеріне құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру міндеттелмейді деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» – Қостанайда
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясындағы гастрольдік сапарын 15-19 тамыз күндері Қостанай облысында жалғастырады. Сондай-ақ, аталмыш іс-шара ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің кавалері Айжан Нұрмағамбетованың сахнадағы шығармашылығына 45 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Жас күміс алқа иегері қоғамға пайда әкелуді көздейді
Гүлімнің алға қойған мақсаты өте көп. Сол үшін тынбай еңбек етіп жатқан көп балалы ананың басты арманы – балаларға арналған орталық ашу.
Діни сауат ашқанның болашағы жарқын
Елордадан арнайы келген Астана мен Ресей колледжінің 2-3 курс студенттері Рауан Әскер мен Қасымхан Жұмабай Аудан орталығындағы «Оспанқожа әулие» мешітінің жанынан ашылған «Ғазиз қажы» атындағы медресе шәкірттеріне дәріс беріп жатыр.
Қостанайда полицейлер жолдағы қауіпсіздікті қадағалау жұмыстарын күшейтті
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу және анықтау үшін полиция облыс орталығында патрульдеуді күшейтті деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті
Бұл туралы ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.
Милич Чурчич: Алаңда жанкүйер үшін футбол көрсетеміз
Ертең Қостанайдың “Тобылы” өз алаңында футболдан УЕФА-ның конференция лига ойындары аясында Швейцарияның “Базель” командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді.
Терезе аштың ба, балаңды байқа!
Қостанайда балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Өткенде бір күнде екі бірдей оқиға тіркелді. Бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Баланың бассүйегі сынып, миы зақымданған. Сол күні тағы екі жасар бала Орал көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатының терезесінен құлап кеткенін айтып жатыр. Қазір балалар жазылып үйлеріне шықты.
Әлия Алатайқызы: Департамент тек коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеумен айналысады
Қоғам қай кезде болмасын әділеттілікке сүйенеді. Жүгінген халық заң шеңберінде құқық саласының мамандарынан кеңес алғысы келеді. Сол турасында тілшіміз Әділет департаментінің атқарып жатқан істерінен толық ақпарат білу мақсатында басшысы Әлия Алатайқызымен сұқбаттасты.