А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде «COOPERATION, JOB OFFER AND CAREER» педагогикалық форумы өтті. Форумға 410-ға жуық түлек және 16 аудандық, 4 қалалық білім бөлімінің басшылары, 130-дан астам мектеп директорлары мен институт директорлары, кафедра меңгерушілері қатысты.
Мектеп, колледж түлектері және оқуға түсуді жоспарлаған азаматтар назарына!
Осы сенбі, 27 мамыр күні сағат 10:00-де орталық саябақтағы А.Байтұрсынұлы ескерткішінің жанында «Білім беру навигаторы» іс-шарасы аясында ЖОО және колледждердің қабылдау комиссиялары кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Іс-шараға қатыса отырып, сіз жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссияларын бір жерде және бір күнде аралап, оқу орнына түсудің барлық шарттары мен қажетті құжаттар, осы оқу орнында бар […]
Музейде көркемөнер көрмесінің тұсауы кесілді
Биыл «Дала өлкесі тарихы» облыстық музейінің ашылғанына 50 жыл толып отыр. Торғай тарихының алтын қайнары, қасиетті елдің қастерлі мұраларының басын қосуда мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің орны бөлек.
Арқалықта көп балалы анаға баспана сыйлады
«Арқалық қоры» қайырымдылық қоры көп балалы анаға баспана сатып әперді. Бұл – құрылғанына көп бола қоймаған қордың сыйға тартып отырған бірінші пәтері.
Білімдінің күні жарық, жолы жарқын
Бүгінде адам капиталы деп жүргеніміз – білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі астасқан, бәсекелестік замандағы тұлғаның кәсіби құндылығы. Енді, білім экономикалық категорияға айналды, ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады. Осы орайда оқу-ағарту саласында табанды еңбек етіп жүрген Байкеновтерді үлгі етсек артық емес. Ұстаздар отбасы Аманкелді ауданына қарасты Үрпек ауылында тұрады.
Арқалықта “жайлы мектеп” салынады
Бүгінде 300 орындық жайлы мектептің құрылысына әзірлік шаралары басталып кетті. Қазіргі таңда жер учаскесі нақтыланып, аумақты тазарту және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – жергілікті құрылыс компаниясы «Алюминқұрылыс» ЖШС.
Меңдіқара тұрғыны грант ұтып, кәсіп ашты
Меңдіқара ауданында шағын кәсіпкерлік дамып келеді. Кәсіп ашып, іс жасаймын дегендер Ұлттық жоба арқылы грант ұтып немесе төмен пайызбен шағын несие ала алады. Ол үшін 2021-2025 жылдарға 209 млн 750 мың теңге қарастырылған.
Қостанайда жол белгілерін өзгерткен ер адам жазаланды
Қостанайда ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісте Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заң жобасы қаралды
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төленетін төлемдер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын пысықталды.
Жайылма жұртының жай-күйі
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, Қамысты еліндегі осы жолғы облыс әкімі мен халықтың кездесуі шынайы өткенін ерекше атап өту керек. Оған дәлел – жүздесуге Адаев ауылдық округінен ғана емес, ауданның Қарабатыр, Арқа, Орқаш, Талдыкөл, Жайылма басқа да елді мекендерінен азаматтардың қатысуы.