Жылу құбырына соғылып мерт болды

Жылу құбырына соғылып мерт болды

Оқиға Арқалық қаласында  болды. Бұл туралы Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жылу құбырына соғылды.
Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтармен бөлісу