Жалақы берешегі бойынша кәсіпорындардың басшыларына екі мыңға жуық ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам айыппұл салынған. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорны 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңге берешек екенін анықтап отыр.
Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болды.
«Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды. Оның 2 973-і еңбек саласында, 616-сы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, 19-ы халықты жұмыспен қамту бойынша тіркелді», – делінген ресми мәлімдемеде.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.