Қостанай қаласының БЖСМ қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келуді ұйғарды. Осылайша, олар өткен жылы бастау алған және содан бері танымал болған «Qazaq style күні» челленджін қолдауды жөн көрді.
Бұл тек ұлттық киімді насихаттау ғана емес, сонымен қатар болашаққа жасалған қадам. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау, өмірлік маңызды тәжірибе мен білімді кейінгі буынға жеткізу үшін жағдай жасау.
Бастаманы бокс мектебінің жаттықтырушылары мен қызметкерлері қолдады. Олардың пікірінше, ұлттық киім жұмыс орнында ерекше атмосфера қалыптастырады.