17 июня, 2025
Жол сапасын жақсарту: анықтау мен бақылау жұмыстарының нәтижелері

Жол сапасын жақсарту: анықтау мен бақылау жұмыстарының нәтижелері

Қостанай облысындағы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы филиалы автомобиль жолдарындағы ақауларды анықтап, оларды жоюды бақылау арқылы жол сапасын жақсартуға белсенді түрде атсалысуда.

Өңірдегі автомобиль жолдарында жиі кездесетін ақаулардың қатарына асфальт-бетон жабындарындағы шұңқырлар, жарықшақ торлары, асфальт-бетон қабатының бұзылуы жатады.

Бұл ақауларды жою үшін филиал мамандары жоспарлы түрде жолдарға шығып, ақауларды тіркеп, тексеру актісін жасайды. Содан кейін мердігерлер мен тапсырыс берушілерге оларды жою туралы хаттар жолданады. Ақауларды жою мерзімдері нормативтік-техникалық құжаттарға сай белгіленеді. Филиал республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, сондай-ақ елді мекендердегі көшелерді тексереді.

Қазіргі таңда 111 ескерту жойылған жоқ. Сонымен қатар, 2000 жол-құрылыс материалдары сынамасы алынып, оның 849-ы нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Мердігерлер мен тапсырыс берушілерге 550 хат жіберіліп, 429 жауап алынды.

Нәтижесінде 33,0 мың м²-ден астам асфальт-бетон жабыны қалпына келтірілді. 5,0 мың м²-ден астам жол  жөнделді. Жалпы ақауларды жоюға жұмсалған жұмыс құны 226 млн теңгеден асты. Филиалдың жұмысы жолдардың сапасын арттыру мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жол инфрақұрылымын жақсартуға ақауларды уақтылы анықтап, оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдау басты құрал.