XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Қостанай қаласының зияткер оқушысы сәтті аяқтады 

XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Қостанай қаласының зияткер оқушысы сәтті аяқтады 

Елордада өткен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы математика, физика және информатика пәндері бойынша 15 елден келген 700-ге жуық оқушының басын қосты.

Бұл байқау білім мен ғылымның озық жетістіктерін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жас математиктер, физиктер және информатиктер арасында нағыз бәсекеге толы болды.

Жәутіков олимпиадасы Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін үлкен мәртебеге айналды. Бұл жылы зияткерлік мектептердің оқушылары тамаша нәтижелер көрсетіп, жалпы 5 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Олардың арасында Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Александр Ершов ерекше көзге түсті.

Информатика пәні бойынша бәсекеге түскен Александр өз білімін дәлелдеп, қола медальға ие болды. Бұл үлкен жетістік оның қажырлы еңбегінің, үздік дайындықтың және ғылымға деген зор қызығушылығының нәтижесі.