Жол сапасы жақсарғанымен, мәселе толық шешілген жоқ

Жол сапасы жақсарғанымен, мәселе толық шешілген жоқ

Жол инфрақұрылымына қатысты шағымдар 28 пайызға азайған. Жол төсемдері мен жаяу жүргіншілер жолдарының зақымдануына байланысты өтініштер де кеміген. Дегенмен тротуарлардағы шұңқырлар мен кейбір аумақтарда жаяу жүргіншілер жолының болмауы тұрғындарды алаңдатып отыр.

Қоғамдық көлік қызметіне байланысты арыздар азайғанымен, жүргізушілерге қатысты шағымдар көбейген. Ал автобустардың қозғалыс бағытына қатысты ұсыныстардың төмендеуі қаладағы маршрут желісін ұйымдастыруда оң өзгерістер барын аңғартады.

Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің дүйсенбілік аппарат кеңесінде айтылды.

«Сумен жабдықтау саласында да оң өзгерістер байқалады, демек, судың тоқтап қалуына қатысты өтініштер азайған. Алайда ауыз судың сапасы мен лайлануына байланысты шағымдар әлі де көп. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс жеткілікті екенін көрсетеді», – деді «iKomek-109» ситуациялық орталығының басшысы Азель Айсабаева ол туралы.

Қаланың санитарлық тазалығы, әсіресе қар тазалау жұмыстарының сапасы да тұрғындар жиі көтеретін мәселелердің қатарында.

Қымбат ДОСЖАНОВА