Ұлттық жол активтері сапасы орталығының облыстық филиалы цифрландыру үдерісіне белсенді үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Цифрландыру мен жаңа технологиялар ел дамуының негізгі өзегіне айналуға тиіс» – деп атап өткен еді. Бұл тапсырманы орындау жол саласында да нақты іске асу үстінде.
KazRoadLab жобасы енгізіліп, мобильді қосымша арқылы жолдағы деректерді жинап, актілерді нақты уақытта толтыру мүмкіндігі пайда болды.
Жұмыс процесінің біршама бөлігі автоматтандырылып, қолмен істелетін қателер мен сыбайлас жемқорлық қатерлері жойылды.
Үлгілерді белгілеу мен бақылау жүйесіне QR-кодтар енгізіліп, ашықтық пен тиімділік артты.
«Филиалдың бұл қадамы – Президент бастамасын қолдаудың айқын көрінісі. Цифрландыру жол сапасын бақылауды жеңілдетіп қана қоймай, ел азаматтарының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Жол саласында жаңа технологияларды енгізу – Қазақстанның сапалы әрі қауіпсіз жолдар болашағына жасалған нақты қадам», – делінеді филиал хабарламасында.
