Қостанайда жеңіл автокөліктер соқтығысып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
“31 шілде күні сағат 20.00 – де “102” пультіне Баймағамбетов-Л.Беда көшелерінің қиылысында “Audi” және “Mitsubishi” автокөліктері соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол апатынан бірінші көліктің жолаушысы зардап шекті. Қазіргі уақытта апат сызбасы жасалды. Кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мән-жайлар анықталуда”,- делінген хабарламада.
Полиция жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 48 мыңға жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу әрекеттерінің жолын кесті. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 707 жүргізуші ұсталды, жүргізуші куәлігінен 257 адам айырылды, 310 адам қамауға алынды. Биыл жол апатынан 41 адам көз жұмған.