Шамамен бір ай бұрын 12-ші мектептің жанындағы аллеяға алма ағаштары отырғызылды. Сол кезде жақын жерде орналасқан Workout алаңының құрылысы әлі аяқталмаған. Енді жұмысы аяқталып, салтанатты ашылуы өтті. Тап осыған жақын жерден баскетбол алаңын орнату жоспарланып отыр.
Интернеттегі мәліметтерге қарағанда, Workout тек спорт түрі емес, оны спорттық субмәдениетке жатқызуға негіз бар. Ол спорт түрі алаңдарынан тыс әртүрлі құрылымдарда жаттығу орындауды қамтиды. Ондағы басты ұстаным, дене салмағымен жұмыс істеуге және күш пен төзімділікті дамытуға бағытталған.
Жітіқара алаңында жаттығуға арналған тоғыз элемент орнатылған, онда спортшылар енді өз шеберліктерін шыңдай алады.
Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері спорт нысанының салтанатты ашылуында өз дағдыларын көрсетті. Балалар көрермендердің қошеметіне бөленген күрделі әрі қауіпті элементтерді көрсетті. Орындалатын трюктерге қарап, Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегенов спортшылардың шеберліктерін бағалап, Workout турнирін өткізу туралы өз ойын білдірді.
«Мұндай алаңдардың ашылуы жалпы қоғамымызда салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды халық арасында насихаттауға бағытталған оң үрдісті көрсетеді. Тек спорт нысандарын салу бойынша барлық күш-жігердің “құбырға ұшпағанын” қалаймын, өйткені әуесқойлар әрдайым қажет емес жерде күш қолдана алады және алаңдардағы барлық тренажерлерді сындырады. Қалада мұндай әлеуметтік маңызы бар нысандар көп болады және оларға бұзақылар шабуыл жасамайды деп үміттенеміз», – деді әкім.
Динара БАТЫРХАНОВА
Жітіқара ауданы