Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің арқасында пәтердің өртенуіне жол берілмеді. 2 қарашада таңғы сағат 5 шамасында жедел кезекшіден полицияның барлық патрульдеріне 5 шағын ауданда пәтерлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Жақын маңда патрульдік полиция қызметкері Қайрат Исмаилов пен ювеналды полиция қызметкері Қуаныш Тұрабаев болды.
– Біз дереу осы мекенжайға барып, терезеден түтін шыққан пәтерді анықтадық. Есікті қағу арқылы ұйықтап жатқан пәтердің иесі бізге есік ашты. Ол кезде үй іші түтінге толып, ештеңе көрінбеді, – деді Қайрат Исмаилов.
27 жастағы жітіқаралық Евгений Жигайлов кешкі сағат 11 шамасында үйіне оралып, тұшпара пісірмек болған. сол кезде ұйықтап қалған. Оны дереу қағылған есік дыбысы оятты.
– Полиция қызметкерлері мені оятқан кезде бірден газды өшірдім. Егер олар мені оятпағанда, өміріме қауіп еселене түсетін еді, – деп атап өтті Евгений Жигайлов.
Жас жігіт тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, бұдан былай мұқият болуға уәде берді.
Оқиғадан кейін қызметкерлер Жітіқара қаласында патрульдеу мен қоғамдық тәртіпті қорғауға қайта кірісті.
Облыстық полиция департаменті