Көктемгі су тасқыны қаупінің сейіліп, көліктердің өтуіне жағдай жасалғанына байланысты, 18 сәуірден бастап, Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының “Мариинский” ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан”Желқуар” бекетінің қызметі қайта жанданды.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен тауарлардың өткізілуі қайта басталғаны туралы хабарлаймыз”, – дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті.