Көктемгі су тасқыны қаупінің сейіліп, көліктердің өтуіне жағдай жасалғанына байланысты, 18 сәуірден бастап, Жітіқара ауданының аумағындағы Ресей Федерациясы Челябі облысының «Мариинский» ресейлік өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан»Желқуар» бекетінің қызметі қайта жанданды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен тауарлардың өткізілуі қайта басталғаны туралы хабарлаймыз», – дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті.