Технологиялардың қарқынды дамуы біздің өмірімізде барған сайын маңызды бола түсті. Ол терең цифрландыру жағдайында интернеттегі реттеу мен қауіпсіздік мәселелерін арттыуға ықпал жасап отыр.
Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай өңірлік университеті қабырғасына жан-жақтан студенттер жиналып, пікірсайыс түрінде цифрлық дәуірдегі заңдылық пен тәртіп мәселесін талқылады.
Республикалық деңгейдегі пікірсайыс турнирін “Парасат” пікірсайыс клубы ұйымдастырғанын айта кетейік.
“Бұл турнир бостандық пен инновация қағидаттарын бұзбай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалай қамтамасыз ету керектігін талқылауға бірегей мүмкіндік береді. Қатысушылар заңдардың жасанды интеллектке, киберқауіптерге және цифрлық кеңістіктегі жеке қауіпсіздікке қатысты жаңа қиындықтарға қалай бейімделе алатынын қарастыруы керек”, – деді университеттің жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Рақпанова.
Бұл тұста күн сайын жаңа технологиялар пайда болатын әлемде прогресс пен қоғамдық тәртіп арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін түсіну маңызды.
“Қазіргі кезде жасанды интеллект өте қатты дамығанымен белгілі бір мәселерді шешуге адам өзі тырысу керек. Технологиялық ол тәсілді тек қосалқы құрал ретінде пайдаланған дұрыс. Кейбір Айти саласына қатысты мамандықтарды алмастыра алады деп ойлаймын. Себебі әр салада, қоғамда адам құқықтары деген түсінік бар. Оны білу біздерге жасанды интеллектіден бөлек өмір сүруге ықпал етеді”, – деп ой қорытты ҚӨУ шет тілдері мамандығының студенті Шыңғыс Жұмағали.
Бүгінде замануи ақпараттық ЖИ тақырыбы өзекті болып отырғаны рас. Бұл жүйе барлық салаларды белсенді болуға итермелеп келеді.
“Бұл әдіс жұмыс берушінің ісін жеңілдету үшін ғана қосымша қолданылады. Қоғамның өмір сүруін арттыру үшін жасалып отыр. Жасанды интеллекті құқық қорғау органдарында көбіне ақпаратты өңдеу процестерін үнемдеу тәртібін кеңейтеді. Барлық ақпаратты жинап беруге септігі мол”, – Қостанайдағы әділет академиясының тыңдаушысы Аягөз Артурқызы.
Осы оқу-орнының курсанты Бақытжан Сапарбаев жасанды интеллект заң талабына сәйкес келетін ықтималды құрал екенін айтып отыр.
“Киберқауіпсіздік бөлігінде саламызға үлкен пайда береді. Әсіресе, келіп түскен ақпараттарға мониторинг жүргізіп, талдау жасауға ықпалы зор. Шындыққа сай ақпаратты алып бере алады. Сергекте осы жүйенің жұмысы көп пайдаланылады. Авто құқық бұзушы адамдар осының көмегімен анықталып жатыр”, – дейді ол тәжірибе жұмысындағы кезін еске алып.
Айдын Айтбаевтың пікірінше, цифрлардыру базасында жасанды интеллект маңызды рөл атқарады.
“Цифрлардыру бағытында арнайы база бар. Көршілес мемлекеттер арасындағы қылмыстық процестерді ашуға автоматты камералар тиімді”,– дейді ол
Қорыта келе айтарымыз, жасанды интеллектіге қоғам үнемі жауапкершілік тізгінін ұстатып қоя алмайды.
Замануи ақпараттық құрал жиынтығы тек адамдарға бағыт береді. Адаммен сөйлесу арқылы іс әрекет жүзеге асады.
Алгоритмнің шегінен оның қаншалықты дұрыс екеніне ғана көз жеткізе аламыз. Қалғаны сана-сезіммен қалыптасады. Бұл заңдылық әр заманда сақталауы тиіс. Осы тұста адамның іскерлік қабілеті көрінбей тұрғаны рас. Себебі, робот саған кез келген уақытта жауап береді. Тапсырыс қабылдай алады. Осы бір жеңіл әдіске мойынсұну адамдардан қазіргі таңда ақпарат алудың қиындап кетуіне әкеліп жатыр.
Айбек ЖҮЗБАЙ