Қостанайдың белсенді жастары марапатталды

Қостанайдың белсенді жастары марапатталды

Қостанайда Жастар күніне  орай ұйымдастырылған апталық аяқталды. Іс-шаралар легінің қортынды жиынына жиналған белсенді жастарға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов наградаларын табыс етті.

blank

«Бүгін – болашаққа сеніммен нық қадам басып, ел дамуына үлкен үлес қосатын сіздердің мерейлі мерекелеріңіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарымыз отаншыл, білімшіл, еңбекқор, үнемшіл, әділ және жанашыр болуы қажет», – деп атап өткендей, сіздер еліміздің басты қозғаушы күшісіздер. Жаңа идеялар мен жасампаз бастамалардың иелерісіздер. Қазақстанның ертеңін айқындайтын өздеріңізсіздер», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

blankҚазіргі таңда Қостанай облысында 213 мың жас бар десек,  облысымыздың төрттен бір бөлігін құрайды деген сөз. Жоғары оқу отындарында 20 мыңға жуық студеттер білім алып жатыр. Оның төрт мыңнан астамы – мемлекеттік гран иегерлері. Сол себепті біздің өңіріміздегі қозғаушы күш жастар саналатыны ақиқат.blank

Бірнеше жылдан бері Қостанай жастары баңдарламасы жұмыс істейді. Бұл жүйемен 350 маман баспаналы болып отыр. Жастар практикасына бағытталған бағдарламалар да жетерлік. Аталған ресурстар жастардың болашаққа қадам басуына үміт сыйлайды. Осы жобаларды тиімді игеріп келе жатқан жастарымыздың біршама жетістіктері байқала бастады. Мәселен, мәдениет саласында өзін танытқан Жұматай Ахметқан биыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Қазір ол Павлодар қаласында үлкен республикалық жастар форумында өңіріміздің атынан ұстанымын білідіруде. Күні кеше ғана осы облыстан үздік оқушы Президенттің алдында сөз сөйледі. Жерлесіміз, әлеуметтік салада жас кеңес сыйлығы номинациясының иегері Юрий Вагин «Адамгершілік» номинациясының жеңімпазы болды. «бірге өсеміз» жобасының жетекшісі Ольга Соловьева ҚР Мәдиниет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар бастамалары конкурсын жеңіп, 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алды.blankblankblankblankblank

Марапатталғандардың арасында  жастардың белсендісі Байболат Сегізбаев та бар. Ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатына ие болды.

«Жастар күніне орай басшылық елеп-ескеріп, министрліктің атынан алғыс хаттарын беріп отыр. Біздің еңбегімізді бағалап жатқандары өте ризамыз. Біз мұнымсен тоқтап қалмай, облысымыздың өркендеуіне, атиын шығара беруге күшіміз жеткенше жұмыс істеуге дайынбыз», – дейді ол.

Бақытжан Әлкебаев Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің мамамын болып еңбек етіп келе жатыр. Ол жастар күніне орай облыс әкімі орынбасарының алғыс хатын иеленді.

«Бүгін бір тамаша марапатқа ие болып жатырмыз. жылдар бойы елмен етене байланысып, жасаған жұмысымыздың жемісі деп білемін. Теңізге тамған тамшыдай болса да жасаған еңбегімізді ескеріп жатқандарына алғысым шескіз», – дейді Бақытжан Әлкебаев.

Бақытжан осыдан бұрын олбыстағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келді. Көңілді тапқырлар клубының жайдарман жастарында редакторлық жасады. Аузы дуалы айтыскер ақын, елге танымыл белсенді блогер.blank

Іс-шара барысында облыс бойынша белсенділік танытқан, әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар, спортшылар, еріктілер мен шығармашыл жастар құрметке ие болды. Марапат алғандар қатарында «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық төрайымы Аружан Сәрсенбаева, мәдениет пен медиа саласында белсенділік танытқан Серик Құлпейісов, IT және стартаптар бағытында жұмыс істейтін Дамир Мнайдаров, қоғамдық жұмыстармен айналысқан Диана Рақпанова мен Арман Есмағамбетов, ҚИнЭу жастар саясаты саласының жетекшісі Жанар Нұргазина, ЧелМу студенттік жобалар ұйымдастырушы Ольга Васильева, дизайнер және қоғам белсендісі Фариза Ержанова, Жітіқара аудандық жастар комитетінің жетекшісі Бейімбет Сүгіров, Арқалық қаласы педагогикалық университеті студенттік шаралар ұйымдастырушысы Жанар Мұратбекова және патриоттық бағыттағы жобалармен айналысқан Зейнел Чережденова сияқты есімі белгілі тұлғалар бар.blank

«2022 жылдан бастап 6697 әскери бөлімінде жастармен жұмыс жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі болып жұмыс істеймін, Қостанай қаласының орта мектептеріндегі «Жас-Бүркіт» патриоттық сыныптарында патриоттық тәрбие беру және Жастар бастамаларын қолдау саласындағы жобаларды іске асыруды жалғастырамын», – дейді Зейнел.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 1 000 000 теңгеден алты бағыт бойынша табысталды. «Бизнес» бағыты бойынша – ұлттық стильдегі дамытушы ойыншықтар жобасымен Жұпар Дүйсекова, «Ғылым» бойынша – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дамыту орталығымен Балшекер Тойғанова, «IT» – агроинновациялық жобасымен Елена Симанчук, «Мәдениет» – би өнері арқылы біріктіру жобасымен Сергей Гурьев, волонтерлік курспен Мұхаммедқадыр Жорабай, «Медиа» – қандастар тарихын насихаттайтын цифрлық платформа авторы Анатолий Дасаев марапатталды. Бұған қоса, әлеуметтік бағыттағы 7 жоба 100 000 теңгелік мини-грант жеңіп алды. Олардың қатарында – ерекше жастарға арналған кілем шеберханасы (Maneci-neco), инклюзивті концерт (ОСТРОВКА LIVE), волонтёрлік және қайырымдылық жобалар (SHOEBOX, «Лама», «Ізгі жүрек», «Біргеміз», «Киновечера») сынды бастамалар бар.blank

Жасөспірімдер арасындағы футбол мен баскетбол турнирлерінде үздік ойын көрсеткен командалар мен жеке ойыншылар марапатталды. Мини-футболдан 1 орынды КСК командасы, 2 орынды Қасапшылар, 3 орынды СЭД иеленсе, баскетболдан 1 орын – Федоровка, 2 орын – RudGoats, 3 орын – Қостанай Жастары командаларына бұйырды. Әр бағытта үздік ойыншылар арнайы номинациялармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Киберспорт бойынша (CS2, Dota 2, FIFA 2025, UFC 5) өткен жарыстарда 12 жеңімпаз анықталып, үздік ойыншылар мен командаларға 525 000 теңге көлемінде жүлде берілді. Іс-шараның мәдени бөлімі де жоғары деңгейде өтті. Көрермендер назарына Kazakhstan Fashion Week сән көрсетілімі ұсынылып, облыс пен республикалық байқаулардың лауреаттары Жәнібек Жұмахан, Динара Нәмиялы, Зарина Кұлмұхамбетова, Тасқын Әжібай және Nomad, ORDA би ұжымдары өнер көрсетті.blank

Бұл кеш Қостанай жастарының білімге, еңбекке, шығармашылыққа және қоғамға деген белсенді қатысуының нақты дәлелі болды. Марапаттау арқылы жастарға көрсетілген құрмет – олардың алдағы жетістіктеріне жол ашатын үлкен қолдау екені сөзсіз.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Жоламан Елубай