Биыл аты аңызға айналған “Ғасырлар пернесі” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің құрылғанына 50 жыл толады. Шалғай ауданда құрылса да, қазақ өнерін төрткүл әлемге паш еткен ұжының жеткен жетістігі жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында аз жазылған жоқ. Республикалық телеарна дәріптеді.
Бірақ, кейінгі ұрпақ даңқы дүниені шарлаған өнер майталмандары туралы білмеуі де мүмкін. Сондықтан, ансамбльдің жарты ғасырлық мерейтойы қарсаңында “Қостанай таңы” газеті циклді мақалалар жариялап тұруды жөн көріп отыр. Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.