30 мая, 2025
«Жарқын ауыл» жобасы шеңберінде 3,3 миллиард теңгеге 87 меморандумға қол қойылды

«Жарқын ауыл» жобасы шеңберінде 3,3 миллиард теңгеге 87 меморандумға қол қойылды

Облыс әкімдігі мен «Amanat» партиясының өңірлік филиалының ауылдық елді мекендерді дамытып, абаттандыруға бағытталған «Жарқын ауыл» жобасы жалғасып жатыр. Өткен жылы бастау алған бұл жоба ауылдық жерлердегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі таңда ауылды аймақтарды дамыту мәселелері мемлекеттік саясаттың ең маңызды тақырыбына айналған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды қолдау және ауылда өмір сүру үшін лайықты жағдайлар жасау басымдылығын бірнеше рет атап өтті.

            «Ауылдың дамуы мемлекетті нығайту үшін өте маңызды. Осы орайда мен тағы да атап өткім келеді: ауыл – біздің алтын бесігіміз. Қалада туып, осында бүкіл өмірін өткізген қазақстандықтар да ауылдан шыққан. Ауылдарда біздің халықтың дәстүрлері, тілі мен менталитеті сақталып, ардақталады. Глобализация дәуірінде халқымыздың жоғалып кетпеуі үшін біз, ең алдымен, ауылды сақтап қалуымыз қажет», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді деуге негіз бар. Былтыр жоба аясында 3,3 миллиард теңге сомасына 693 шара жүзеге асырылды. Осы кезеңде өңірде 74 тұрғын үй салынып, 35 балалар мен спорт алаңы орнатылды, 17 көше жөнделді. Бұл істер ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту мен көркейтуге бағытталған, бұл мыңдаған қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Жобаның жаңа кезеңінде – ауылдардың нақты қажеттіліктеріне көбірек назар аудару жоспарланған. Осы ретте Обаған ауылында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған келісімдерге қол қойылды. Меморандумдар аясында Қарабаев және Абылай хан көшелері бойынша елді мекен ішіндегі жолдарды орташа жөндеу үшін техникалық құжаттамалар әзірленеді. Сондай-ақ, елді мекендер ішіндегі қатты жабыны бар жолдарды тазарту және тұрғын үйлердің жанында ағаш көшеттерін отырғызу жүргізілетін болады.

            «Жарқын ауыл» жобасы – бұл тек құрылыс нысандары немесе көріктендірілген көшелер  емес. Бұл жүйелі әрі ойластырылған бағдарлама, ол ауылдық өмірдің жаңа құрылымын қалыптастырады. Біз жай ғана жайлылықты емес, болашақты жасаймыз: жастар үшін, отбасылар үшін, кәсіпкерлер үшін. Біздің мақсатымыз – қалаларды қуып жету емес, ауылдың ерекше әлеуетін ашып, оны өздігінен қамтамасыз етілетін және тартымды ету. Әрбір меморандумға қойылған қолдың артында нақты міндеттемелер, әрбір жүзеге асырылған іс-қадамның артында – адамдардың өмірінде шынайы өзгерістер тұр», – деп атап өтті Қостанай облыстық AMANAT партиясы филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов.

Ұзынкөл ауданында «Жарқын ауыл» жобасы аясында 214 миллион 350 мың теңгеге негізгі инфрақұрылымды жақсарту көзделген. Обаған ауылдық округінде көше жолдары мен елді мекен ішіндегі жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл көлік иелеріне де жайлы болатыны сөзсіз.

Мұнда еуроштакетниктен жасалған қоршаулар орнатылды. Сонымен қатар, жоба аясында жаңа балалар мен спорт алаңдары орнатылып, балалар мен жасөспірімдер үшін белсенді демалыс қамтамасыз етілді. Жұмысшылар үшін тұрғын үй құрылысы аяқталды, бұл мамандарды тартуға және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Обаған орталығында жаңа саябақ салынды, ол жергілікті тұрғындар үшін нағыз демалыс орнына айналды, сондай-ақ мәдени өмір үшін маңызды элемент – демалыс орталығы ашылды.

Қамысты ауданының Алтынсарин ауылында да «Жарқын ауыл» жобасы аясында бес жаңа үй салынды. Олар толықтай жиһазбен және тұрмыстық техникалармен жабдықталған. Балалар үшін заманауи ойын алаңдары орнатылып, ал жергілікті Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Тротуарлар жаңартылды, сәндік қоршаулар орнатылды.

Қостанай ауданының Айсары ауылдық округінде  жоба көше жолын қайта құрудан басталды. Айталық, Айсары, Половников және Қостомар ауылдарында ұзындығы 5 км болатын орталық көшелер жөнделіп жатыр. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды, ал жақын арада стадионды қайта қалпына келтіру және балалар алаңдарын орнату жоспарлануда. Бұл ауқымды жобалардың қатарында көшелерді жарықтандыру ісі де бар.

Науырзым ауданының Кожа ауылында жергілікті стадионның айналасына жаңа қоршау орнатылды. Ал Қарамеңдіде ауылға кіреберістегі арка орнатылды.

Биыл да атқарылар іс аз емес, бірақатар жобалар жүзеге асады. Облыстың басқа аудандарында партия, ауылдық әкімдіктер мен кәсіпкерлік арасындағы үшжақты меморандумдар жасалуда. Бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 3,3 миллиард теңгені құрайтын 87 меморандумға қол қойылды.

            «Жоба шынымен де адамдардың өмірін өзгертуге ықпал етеді. Әр күні ауылдардың өмір сүруге жайлы бола түскенін көріп, қуаныштымын. Ең маңызды аспект – біз тек үйлер мен жолдар салумен шектелмей, адамдарға қалаға кетпей-ақ жұмыс істеп, дамуға мүмкіндік беріп жатырмыз. Бұл ұзақ мерзімді перспектива және ол нақты нәтижелер береді», – деп атап өтті Обаган ауылдық округімен меморандумға қол қойған кәсіпкер Болат ҚАРАБАЕВ.

Бүгінгі таңда «Жарқын ауыл» жобасы өңір үшін ең маңызды жобалардың біріне айналды. Әрбір ауылда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Жоба нақты түрде көрсетіп отырғандай, ауылдық жерлерде өмір сапасын жақсартуға тек кешенді тәсіл арқылы қол жеткізуге болады. Өңірде жаңартылған үйлер мен жөнделген жолдар ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерлік, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту үшін жағдай жасалуда. Сол үшін де бұл жобаны ауылдық аймақтар мен елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына тигізер септігі мол деп айтаға болады.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді ұсынған — Қостанай облыстық

AMANAT партиясының баспасөз қызметі