Жаркөлдіктер аяулы ақынды еске алды

Жаркөлдіктер аяулы ақынды еске алды

Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында қазақтың әйгілі ақыны Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шағала көңілім шарықта» атты еске алу кеші көрініс тапты.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ауыл және мәдениет» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы, Торғайдың топжарғаны, Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің ұрпағы, Жангелдин аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Жангелдин ауданының құрметті азаматы Тойғанбол Мәлікзадаұлы, зейнеткер, өнер жанашыры Ғабит Көдебайұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы және ауыл кітапханашылары мен клуб меңгерушілері, мәдениет қызметкерлері қатысты.

blankblank Кеш барысында жас буын қаламгерлер аяулы тұлғаға арнау өлеңдерін оқып, ақын шығармашылығының маңыздылығына тоқталды. Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері көрермендерін күймен шалқытып, әнмен тербеді.

blank blank blank

«Еске алу кеші қазақтың ардақты ақыны, жерлесіміз Шәміл Мұхамеджановтың шығармашылығын дәріптеуге арналған ерекше іс — шара болды. Бұл біздің рухани құндылықтар мен мәдениетімізді дәріптеудің, ел арасында кеңінен насихаттаудың жарқын көрінісі», – дейді аудандық тілдерді оқыту орталығы басшысының міндетін атқарушы Гүлзира Зарифқызы.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы көп жылғы ерен еңбегі үшін, кітапхана саласында зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Дәметкен Байдәулетқызын Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісін табыс етті.

blankblankЖангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы ардагер кітапханашыны Алғыс хатпен марапаттады.

blank

Сондай – ақ, мәдениет бөлімі басшысының Алғыс хаттары кітапхана оқырмандарына да табыс етілді.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                       Жангелдин ауданы