Облыс прокурорлары алғыс арқалады

Облыс прокурорлары алғыс арқалады

Жекелеген азаматтар облыс прокуратурасының органдарына өтініштерді қарастыру кезінде бейжай қарамай, объективтілік пен кәсібилік танытқаны үшін алғыс білдірді. Ол туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлайды.
Мысалы, облыс прокуратурасына Қостанай қаласының тұрғыны алимент төлеуден жалтарған бұрынғы жұбайының орналасқан жерін анықтау туралы өтініш білдірген.

«Прокурорлық ден қою шараларымен жедел іздестіру ісі қозғалды және алимент бойынша борышкер Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында табылды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша өтініш беруші облыс прокуратурасына алғыс хатпен жүгінді», – деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Денисов ауданындағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жүзден астам қызметкерінің демалыс, іссапар және өтемақы төлемдерін толық төлемегені туралы да тұрғындардан өтініш түскен. Бұл жағдайды орган өкілдері конституциялық құқықтың бұзылуы деп анықтады.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды. Оларды қарау нәтижелері бойынша бұзушылықтар толық көлемде жойылды. Білім беру қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді және оларға жалпы сомасы 13,6 млн теңгеге қаражат төленді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Өз кезегінде білім беру қызметкерлері облыс прокуратурасына алғыс хатпен жүгініп, Денисов ауданы прокуратурасының олардың құқықтарын қалпына келтіруге қосқан үлесін атап өтті.