Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қостанай ауданы прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.
Аудан көлемінде 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың өткен кезеңі бойынша қылмыстар саны 7,4%-ға төмендеген. Соңғы жылдары қылмыстық істер қосымша тергеп-тексеруге қайтарылмайды, азаматтар тарапынан түсетін шағымдар саны да айтарлықтай азайған.
«Құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. «Пробация үйі» және «Стоп, рецидив» жобалары аясында әлеуметтік көмек көрсетіліп, есепте тұрған тұлғаларға бақылау жүргізілуде. 2025 жылы 238 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, ал ағымдағы жылы 18 қасақана заң бұзушы оқшауланды», – дейді аудан прокурорының орынбасары Самат Баймұхамедов.
Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл да белсенді жалғасып жатыр. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, банктермен өзара іс-қимыл жолға қойылған, аудан прокуратурасының әлеуметтік желілерінде қаржылық сауаттылық бойынша апталық сабақтар іске қосылды.«Жүйелі бақылау және аудан тұрғыдарымен ашық диалог жүргізу де өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. 2025 жылы Қостанай ауданында 1400 азамат пен кәсіпкердің құқығы қорғалды», – дейді ауданның аға прокурор Шыңғысхан Тұрсын.
Алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстармен күресте де оң динамика байқалады — олардың саны 7% төмендеді. Ауданда «Салауатты ауылдар» бастамасы табысты жүзеге асырылу үстінде. Екі ауыл алкоголь өнімдерін сатудан толық бас тартып, нәтижесінде қылмыс пен тұрмыстық жанжалдар тіркелмеген.
