10 июля, 2025
«Жақсы киноның» жаман жарнамасы

«Жақсы киноның» жаман жарнамасы

Мына суретті оқырмандарымыз жолдады. Қостанай қаласының қақ ортасындағы «Қазақстан» кинотеатры маңдайшасында дәл осындай қате сөз тұр. Бастысы, орысшасында ағаттық жоқ, мемлекеттік тілдегі мәтіні ғана «мүгедек». Мән беріп қарасаңыз, «жақсы кино уақытты» деген сөйлемде бір «т» артық қойылған. Алыстан «менмұндалайтын» жарнаманың қазақшасына бұлайша немқұрайды қарауға бола ма? Осыны ілер кезде қатені көзі шалып, дұрыс емес екенін айтатын бір жанның табылмағаны ма? Әлде әдеттегідей «қазақшасын кім елеп жатыр?» деген селсоқтыққа салды ма екен? Адам көп баратын жердегі бұл «жарымжан» жарнаманың қайткенде де түзетілгені жөн болар еді…